Page 88 - 5.3.1
P. 88

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                                Ақ ешкі                                          special-edu.kz.

                 Жұмаш  ауылға  әжесінің  үйіне  келді.  Әжесі  үйінде
             ешкі  ұстайды.  Өзіне  дос  тапты.  Ойынды  әбден  ойнады.
             Әжесі екі-үш рет шақырғанда ғана үйге келеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Жұмаш, әй, Жұмаш! Мал келерде жоғалып кеткенің
             не?  Ақ  ешкіні  тауып  әкел!  –  деді  маған  әжем.  Ешкіні
             көшеден іздедім. Ағаш отырғызған үйлердің ауласынан
             іздедім. Ұзақ уақыт іздедім. Бір сәт:
                 –  Бас,  жолбарыс,  бас!  –  деген  Бейсеннің  дауысын
             естідім. Бейсен қабаған итімен жүр екен. Ақ ешкім көше
             бойлап қаша жөнелді. Жолбарыс оның соңындағы қара
             лаққа жетіп қалды.
                 –  Шақыр,  итіңді!  Аясаңшы  кіп-кішкентай  лақты!  –
             дедім Бейсенге.
                 – Отырғызған ағашымды жеп қояр, – деп маған күлді.
             Ақ ешкім бұрыла қалып, итті қатты сүзіп алды. Жолба-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             рыстың дауысы қатты шықты. Ешкі қайта сүзейін деді.
             Ит қыңсылап безе жөнелді. Ақ ешкіні ерте тауып алға-
             ныма қуанып қалдым. Үйге қарай айдадым.
                 –  Жарайсың,  ақ  ешкі!  Қабаған  итті  бір  қорқыттың.
             Бірақ жас ағашты кеміретінің жаман-ақ, – деп қоям. –
             Жарайсың, ақ ешкім!
                                                                    (С. Сауытбековтен.)


                     1. Әжесі Жұмашқа не деді? Жұмаш ақ ешкіні қалай іздеді?
                     2. Бейсен неге итін айтақтады?
                 3. Ешкі итті қалай жеңді? Әңгімеден тауып оқы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 4. Жұмаш ешкінің жеңісіне қалай сүйсінді?

                        Тыңда. Оқы. Әңгімедегі Бейсеннің итінің атын айт.
                        1. Ешкінің лақты иттен қалай құтқарғанын айтып бер.
                 2. Ешкі туралы айт.
                     1. Әңгімені іштей оқы.
                 2. Бейсен мен Жұмаштың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
                 3. Жұмаштың ақ ешкісі туралы әңгімеле.




             86
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93