Page 91 - 5.3.1
P. 91

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                     Кішкентай кірпі                                             special-edu.kz.

            Жазғы демалыс. Мен ауылға әжем мен атама қонаққа
        бардым. Бір күні мен үшін күтпеген жағдай болды. Әжем
        даладан кірпінің кішкентай баласын алып келді. Кіп-кіш-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        кентай кірпінің баласы сондай сүйкімді екен. Менің кір-
        пінің баласын бірінші рет көруім. Жақындасаң, домала-
        нып бір уыс ине секілді болып қалады екен. Қызық!
            –  Кірпінің  баласы  шұңқырға  түсіп  кетіпті  де,  шыға
        алмай қалыпты. Өзі аш, оған сүт беріңдер, – деді әжем.
        Мен жүгіріп барып ас үйден сүт алып келдім. Біз кірпіге
        сүт бердік. Кірпі бізден қорқып сүтті ішпей қойды.
            – Кірпінің үйге үйренуі қиын. Өздерің әрі тұрыңдар,
        сонда ол сүтін ішер, – деді әжем. Біз оны алыстан бақыла-
        дық. Біраз күндер өтті. Кірпі бізге үйрене бастады. Оған
        жәшіктен әдемілеп үй жасап бердік. Енді ол үйдің ішінде
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        еркін жүретін болды. Сүтті де іше бастады. Көп ұзамай
        кірпінің баласы бізге әбден үйреніп алды.
            Бір күні әжем: «Кірпі өз бетінше өмір сүретін жағдайға
        жетті. Босатып жіберіңдер», – деді бізге. Кішкентай до-
        сымызды қимай қалдық. Ертеңінде бәріміз ауыл шетінде-
        гі тоғайға келдік. Кішкентай кірпімізмен қоштасып, оны
        шөптің  арасына  жібере  салдық.  Кірпі  артына  бұрылып
        ұзақ қарады да, шөптің арасына кіріп жоқ болды.

                                                                (Қ. Қожахметтен.)


                1. Әжесі даладан не тауып әкелді? Айтып бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                2. Балалар кірпіге қандай қамқорлық жасады?
            3. Неліктен балалар кірпіні бостандыққа жіберді? Әңгімеден та-
            уып оқы.
            4. Әжесі балаларға не деп айтты?


                   Кірпі қандай? Айтып бер.
                   Балалардың кірпіні тамақтандырған жерлерін оқып, әңгімеле.
                1. Әңгімені түсініп оқы. Рөлге бөліп оқыңдар.
            2.  Кішкентай  кірпіні  балалардың  қалай  күткені  туралы  әң-
            гімеле.


                                                                                     89
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96