Page 95 - 5.3.1
P. 95

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                    Тиін мен қасқыр                                              special-edu.kz.

            Ертеде  орманда  көп  тиіндер  өмір  сүріпті.  Өздері  өте
        көңілді тиіндер екен. Үнемі бір-бірімен тату, қайырым-
        ды*  болыпты.  Олар  күні  бойы  жаңғақ  жинайды.  Асыр
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        салып* ойнайды екен. Бір күні тиіндер бұтақтан-бұтаққа
        секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлап
        түседі. Қасқыр атып тұрады. Бір тиінді ұстап алады. Же-
        мекші болады. Тиін:
            –  Қасқыр-ау,  мені  қоя  берші,  өтінемін  сенен,  –  деп
        жалынады.
            –  Жақсы,  қоя  берейін  сені.  Осы  сендер  неге  сонша
        көңілді жүресіңдер? Себебін айтшы маған, – дейді қасқыр.
            – Ең әуелі ағаштың басына барайын. Сенен қорқамын, –
        деп  жауап  береді  тиін.  Қасқыр  тиінді  қоя  береді.  Ол
        ағаштың басына шығып алып:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            –  Сен  қатыгезсің.  Ешкімге  жақсылық  жасамайсың,
        сондықтан сен ылғи да көңілсіз жүресің… Ал біз болсақ,
        қайырымдымыз.  Біз  ешкімге  жамандық  жасамаймыз.
        Сондықтан біз үнемі көңілді жүреміз, – дейді.




                қайырымды – мейірімді, жақсы                        (Л. Н. Толстой)
                асыр салу – бірге көңілді ойнау



                1. Секіріп жүрген тиін неге тап болды?
                2. Қасқырдың әрекетін мәтіннен тауып оқы.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            3. Қасқыр тиіннен не сұрады? Тиіннің жауабын мәтіннен тауып
            оқы.
            4. Жақсы көңіл күйде жүру үшін адамның бойында қандай қа-
            сиет болу керек?

                   1. Сөйлемдерді буындап оқы, тұтас оқы.
                2. Тиіннің сөзін қайталап айт.
                Әңгіме үзіндісін оқы. Өз сөзіңмен айт.
                Әңгімені жылдам оқы. Әңгімеле.



                                                                                     93
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100