Page 94 - 5.3.1
P. 94

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                           Түлкі мен ешкі                                        special-edu.kz.

                 Жаздың  ыстық  күні.  Түлкі  жүгіріп  келе  жатып
             шұңқырға түсіп кетіпті. Шығайын десе, шыға алмайды.
             Ұзақ  уақыт  жан-жағына  қарап  тұрады.  Бір  кезде  келе
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             жатқан ешкіні көріп қалады. Түлкіге бір ой келеді. Ол
             ешкіні алдамақшы болады. Су іздеп жүрген ешкі түлкіге:
                 – Әй, түлкі батыр, шұңқырдың ішінде неғып тұрсың? –
             депті.
                 –  Ешкі  жан-ай,  қатты  ыстықтадым.  Осы  шұңқырды
             іздеп әрең таптым. Шұңқырдың іші сап-салқын. Рақатта-
             нып тұрмын. Түбінде тұп-тұнық суы бар екен. Суды ішіп,
             шөлім әбден қанды, – дейді түлкі.
                 – Мен де салқын су іздеп жүрмін. Сол судан мен де
             ішейін, – дейді ешкі.
                 – Кел, мына шұқырдың іші де, суы да сап-салқын, –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             деп, түлкі ешкіні алдайды. Ешкі ойланып қалады. Шөл-
             деген ешкі шұңқырға түседі.
                 Сол  кезде  түлкі  секіріп  ешкінің  үстіне  мініп  алады.
             Мүйізіне шығып, секіріп қырға шығады да, қаша жөне-
             леді. Ал аңқау ешкі шұңқырдың түбінде қала береді.
                                                                       (Ы. Алтынсарин)


                     1. Жүгіріп келе жатқан түлкіге не болды?
                     2. Шұңқырдағы түлкіні не көріп қалды?
                 3. Ешкі түлкіге не деді? Түлкі ше?
                 4. Түлкі шұңқырдан қалай шықты? Әңгімеден тауып оқы.
                 5. Шұңқырдан түлкінің қалай шыққанын айтып бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 6. Шұңқырдан шыққан түлкі не істеді?


                        Түлкі қандай? Түлкі туралы айтып бер. Қимылын сал.
                        Түлкінің ешкіні алдаған жерін әңгімеден оқы. Әңгімеле.
                     1. Әңгімені жылдам оқы. Ешкі мен түлкінің сөздерін рөлге
                 бөліп оқыңдар.
                 2. Түлкі мен ешкінің қимылын сал.





             92
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99