Page 93 - 5.3.1
P. 93
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бұғының мүйізі special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Айдана мен Арманды әкесі хайуанаттар бағына алып
барды. Айдана бір үлкен аңды қолымен көрсетті. Ол аң-
ның үлкендігі сиырдай.
– Міне, мынау – бұғы, – деді Айдана інісіне.
– Жо-оқ, бұл бұғы емес. Мүйізі ұқсамайды ғой! Бұғы-
ның мүйізі деген үлкен болады, – деді Арман.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Айдана ойланып қалды. «Расында мынаның мүйізі
біртүрлі екен. Қып-қысқа. Құлақпен бірдей».
– Көке, мынау қандай аң, бұғы ма?– деп сұрады әкесі-
нен Арман.
– Иә, бұғының дәл өзі, – деді әкесі.
– Мүйізі ұқсамайды ғой! – деді Арман.
– Е-е, мынау жаңа шығып келе жатқан жас мүйіз ғой.
Кейін бұл дәу мүйізге айналады.
– Қызық екен! – деп таңғалды балалар. Әрі қарай
бақтың ішін аралап кетті.
(Т. Жексенбай)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Хайуанаттар бағында Айдана мен Арман қандай аң көрді?
2. Балалар әкесінен не деп сұрады?
3. Әкесі бұғының мүйізі туралы не деп айтты?
Тыңда. Оқы. Бұғының мүйізі қандай екенін сурет арқылы
айтып бер.
Сурет арқылы бұғыға сипаттама бер.
1. Арман мен Айдананың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
2. Екі баланың хайуанаттар бағынан қандай аң көргенін әңгімеле.
91
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.