Page 92 - 5.3.1
P. 92

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                             Қонжығым*                                           special-edu.kz.

                 Қонжығым бар қап-қара,
                 Өзі сондай сүйкімді.
                 Құшақтасам мақтана,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 Келтіреді күлкімді.


                 Ұялшақ па, қыңбайды,*
                 Бал берсең де жемейді.
                 Ертегі айтсам тыңдайды,
                 Бірақ ләм-мим* демейді.


                 Денесінің көлемі
                 Үлкен емес аса оның.
                 Қорқа ма деп
                 Мен оны
 special-edu.kz.                             special-edu.kz.                                     special-edu.kz.
                 Қасыма алып жатамын.



                                                 (Б. Жұмабекова)
                     қонжық – аюдың баласы
                     қыңбайды – ешқандай дыбыс шығармайды
                     ләм-мим демейді – үндемейді



                     1. Қонжық қай аңның баласы?
                     2. Өлеңдегі қонжық қандай?
                 3. Қонжық нені жақсы көреді?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                        Тыңда. Қонжықтың қай аңнын баласы екенін айт.


                     1. Түсініп оқы.
                 2. Қонжықтың нені жақсы көретінін айтып бер.

                     1. Өлеңді мәнерлеп оқы.
                 2. Өлеңдегі қонжықты сипатта.
                 3. Қонжықтың қимылын сал.




             90
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97