Page 100 - 5.3.1
P. 100
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ақылды күшігім special-edu.kz.
Биылғы менің туған күнім өте көңілді өтті. Себебі,
әкем маған әдемі күшік сыйлады. Ол менің көптен бергі
арманым болатын. Күшігімнің атын Ақтөс қойдым.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Күшігім сүйкімді әрі ақылды болып өсіп келеді. Біз
қонаққа кеткенде үйді күзетеді. Үйге жақындаған адамға
үріп, жолатпайды. Бірақ ешқашан ешкімді тістеген емес.
Бір күні менің ақылды күшігім бізді таңғалдырды.
Әжем мен атам қонаққа кеткен. Оларға менің күшігім
де ере жөнелді. Қонақта олар біраз уақыт отырды. Түстен
кейін қайтып келді. Әжем өте ренжулі екен.
– Әже, неге ренжіп келесіз? – деп сұрадым.
– Айналайын-ау, қонақтан шығып, етігімді таппай
қалдым. Іздемеген жерім жоқ, – деді әжем.
Сөйтсек, әжемнің етігін есік алдына шешіп қойған
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
жерінен біреу алып кетіпті. Үйге келген атам мен әжем
өз көздеріне өздері сенбей* қалды. Әжемнің «жоғалды»
деген етігі есіктің алдында тұр. «Бұл – қара күшіктің ісі.
Қонаққа барған үйде ұзақ отырып қалдық. Бізді кетіп
қалған екен деп етікті алып кеткен ғой», – деді атам. Еті-
гінің табылғанына әжем қатты қуанды.
(А. Мұхитова)
өз көзіне өзі сенбей қалу – күтпеген жағдайдың болуы
1. Әңгімедегі күшіктің аты кім? Оған сипаттама бер.
2. Оны неге «ақылды күшік» деп атаған? Әңгімеден тауып
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
оқы.
3. Қонақтан әжесі неге көңілсіз келді?
4. Қонақтан келген ата мен әже есік алдынан не көрді?
5. Етікті көрген ата не деді?
6. Етігін көрген әженің көңіл күйі қандай болды?
Оқы. Әженің етігі қайдан табылғанын айт.
Күшіктің ата мен әжені таңғалдырған жерін оқы. Айтып бер.
Әңгімені түсініп оқы. Әңгіме неге «Ақылды күшік» деп
аталған? Әңгімеле.
98
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.