Page 101 - 5.3.1
P. 101

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                 Қоян мен қарақұстар                                             special-edu.kz.

            Күз.  Оқудан  кейін  мен  қозы-лақ  жайып  шықтым.
        Ауылдан ұзап кеткен едім. Айнала жазық дала. Алыстан
        қалың  болып  өскен  шеңгелдер*  ғана  көрінеді.  Аспанда
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        бірнеше қарақұс ұшып жүр. Мен қарақұстарды бақылай
        бастадым. Бір қара құс құлдилап төмен ұша жөнелді. Со-
        дан соң аспанға қайта көтерілді. Қызық. «Бұлар не істеп
        жүр екен?» – деп ойладым. Жүгіріп қастарына бардым.

        Қарасам, олар қоян аулап жүр екен. Кіп-кішкентай қоян-
        ды аяп кеттім. Бар ойым оны қайтсем де қорғап қалу бол-
        ды. Қарақұстар қоянды ұстауға әбден бекінген секілді*.
        Кезектесіп қоянға тап-тап береді*. Қоянға қарай жүгіре
        жөнелдім.  Мен  оны  құстардан  қорғадым.  Мен  құстар-
        ды үркітіп тұрғанда, қоян қашып кетіп қалды. Алыстан
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        көрінген  шеңгелге*  тығылды.  Құстар  шеңгел  маңынан
        шықпай, біраз айланып ұшып жүрді. Бірақ қоянды таба

        алмады. Қоян мықтап тығылып қалған сияқты.
                                                                       (І. Қожабаев)


                шеңгел – тікенек шөп
                бекінген секілді – ойға алу, жүзеге асыру
                тап-тап беру – ұстауға ұмтылу


                1. Оқиға қай кезде болды?
                2. Қоян неге қашты?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            3. Ол неден қорықты?
            4. Қоянды кім құтқарды?


                   1. Тыңда. Оқы.
                2. Әңгіме кейіпкерлерін ата.

                1. Бас кейіпкері кім екенін айт.
            2. Қоян мен құстардың қимылын сал.
                1. Әңгімені түсініп оқы.
            2. Мазмұндап бер.

                                                                                     99
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106