Page 103 - 5.3.1
P. 103
special-edu.kz.
special-edu.kz.
ІІ special-edu.kz.
Көжектің ерлігі
Ұйықтап жатқан Сұр Көжек екі-үш рет домалап түсті.
Шошып кетті. Жүгіре жөнелді. Есіне әкесінің ерліктері*
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
түсіп кетеді. Мұның әкесін бәрі «батыр» дейді. Ендеше
осыншама қорқа беретіні несі? Әкесі сияқты қандай жау
кездессе де қасқая қарсы* шаппай ма?! Батырлығы оя-
нып кетеді. Сұр Көжек өзінің батылдығын көрсету үшін
орманның дәл ортасына тұра қалады.
– Әй, менімен күреске шығатын қайсысың бар? Кел бері!
Қасқыр түгіл, Арыстан болсаң да бір-ақ жеңемін сендерді!
Осы кезде бір Түлкі шыға келді.
– Е, Көжегім, енді сен де құтырайын дегенсің бе? Аң
патшасы Арыстанды қорладың ба? Әп, бәлем! – деп, Кө-
жекке бас салады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Көжек Түлкіні тұмсықтан бір теуіп, жүгіре жөнеледі.
Құйрығы жұлынып, Түлкінің аузында қала берді. Былай
ұзап шыққан кезде оған Елік жолықты.
– Сұр Көжек, біздің жауымыз көп, байқап жүр. Өтірікке
елікпе, мақтайды екен деп желікпе, – деп ақыл айтты ол.
Содан бері қоянның құйрығы шолақ, өзі қорқақ болып
қала берген екен дейді.
(М. Гумеров)
ерлік – батыл әрекеттер
қасқая қарсы тұру – қорықпай алға ұмтылу
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Сұр Көжек өзінің батыл екенін қалай дәлелдемекші болды?
2. Ол кімдерді кездестірді? Оларға не деді?
3. «Өтірікке елікпе, мақтайды екен деп желікпе» деп Көжекке
не айтты? Мұны қалай түсінесің?
Тыңда. Әңгіме кейіпкерлерін айт. Көжек қандай? Қи-
мылын көрсет.
Көжекке кездескен Түлкіні сал. Қимылын көрсет.
Әңгімені қызықтап оқы. Көжектің ерлігін әңгімеле.
101
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.