Page 102 - 5.3.1
P. 102

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                              Сұр Көжек                                          special-edu.kz.
                                                     І
                                     Сұр Көжектің саяхаты
                 Сұр Көжекті Кірпі кездестіріп:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                 – Ау, Көжеке, қайда асығып барасың? – деді.
                 – Қалың шөптің арасында отырып едім, бір нәрсе баж
             ете қалды*. Сілеусін-ау деймін,– деді Сұр Көжек.
                 – Қой әрі. Бұл маңда сілеусін жоқ. Әкең батыр еді. Ше-
             шең батыл еді, – деп, Кірпі оның ата-анасын мақтай жөнел-
             ді. – Сен кімге тартып қорқақсың?!
                 – Сілеусінді әлі көрген жоқ едім, – деп шынын айтты
             Сұр Көжек.
                 – Қандай жау кездесе де, әкеңе ұқсап қарсы шап! –
             деді Кірпі.
                  Көжек оның мазақтағанын қайдан білсін! «Ата-баба-
             мыз батыр екен ғой», – деп мақтанып қалды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                  Осы кезде тап қасынан Құрбаққа бақылдап өте шықты.
             Көжекке: «Бақ-бақ-бақ! Жеймін қазір сені ұстап!» деген-
             дей естілді. Сұр Көжек атқып тұрды да, жүгіре жөнелді.
                 Бір кезде қонақтап отырған Көкек оған:
                 – Әй, Сұр Көжек! Неменеден қорқып барасың? – деді.
                 – Көк шөптің үстінде жатыр едім, бір нәрсе «ар-р-р»
             ете қалды. Қасқыр-ау деймін, шамасы, – деді Көжек.
                 – Бұл маңайда қасқыр жоқ. Әкең аю соғып алыпты*
             деп естуші ем. Мұнша қорқақ боларсың ба?! – деп мазақ
             етті Көкек те. «Ата-бабамыз мықты екен ғой, а!» – деп
             Көжек тағы да мақтанып қалды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     баж ете қалды – бір дыбыс шықты
                     аю соғып алыпты – аюды жеңген, құлатқан


                     1. Саяхатқа шыққан Сұр Көжек кімді кездестірді?
                     2. Сұр Көжекті Кірпі, Бақа, Көкек қалай мазақтады?
                     3. Сұр Көжек ата-анасымен не деп мақтанды?

                        Тыңда. Әңгімедегі аңдарды ата.
                        Сұр Көжекті Кірпі, Бақа, Көкек қалай мазақтағанын ай-
                     тып бер.
                     Сұр көжектің, Қоян, Бақа, Көкектің сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
             100
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107