Page 105 - 5.3.1
P. 105
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қаңғыбас көжек special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жаз. Күн ыстық. Аспан шайдай ашық. Жердің беті
жап-жасыл. Орман тұнып тұр. Көжегін ертіп қоян сер-
уенге шықты. Көжегі жан-жағына елеңдеп қарай береді.
Қауіптенген анасы оған ақылын айтады: «Балам, көп
қаңғыма, сенің де басқалар сияқты үйің бар, анаң бар.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сондықтан ертеңнен бастап өзің сияқты көжектермен
ойна», – дейді. Көжек секеңдеп бір орнында тұрмады.
Ол алдында жатқан домаланған бір нәрсені көріп ұстай
алды. Ол кірпі болып шықты. Кірпінің инелері қолына
кірш етіп* қадалғанда, бақырып жіберді. Інінен атып
шыққан анасы шошып кетіп, қанаған жерін жалады. Қат-
ты қорқып қалған көжек содан бері құлақтары қалқиып
жан-жағына үрке қарайтын болыпты.
(Т. Әдебиет)
кірш етіп – қатты
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Көжегін ертіп қоян қайда шықты?
2. Көжектің қолына не болды?
3. Анасы қалай көмектесті?
Суреттен кірпіні көрсет. Кірпі қандай? Сұраққа жауап бер.
Көжекке анасының қандай ақыл айтқанын айтып бер.
1. Әңгімені қызықтап оқы.
2. Көжек пен кірпінің кездесуін әңгімелеп бер.
103
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.