Page 109 - 5.3.1
P. 109
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Тәтті сәбіз special-edu.kz.
Көктем. Күн жылынды. Құстар ұшып келе бастады.
Адамдар көктемгі жұмысқа кірісіп кетті. Жер жыртты.
Бақша отырғызуға ыңғайланды. Берекенің әкесі де есік
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
алдына бақша салды. Сәбіз отырғызды. Қызанақ, қияр-
дың тұқымын септі.
– Береке, сен сәбіздерге жауап бересің. Енді күн са-
йын оларға су құйып, шөбін жұласың, – деді әкесі. Көп
кешікпей сәбіз қылтиып* шықты. Береке қатты қуанды.
Күніне бірнеше рет алақанымен әлгі сәбізді сипап қояды.
– Балам-ау, сәбіз тек сипағанға өсе ме екен? – деді бір
күні әкесі. Береке ойланып қалды.
– Қол тигізе берсең өспей қалады. Одан да, сен күн сайын
су құй. Арам шөбін жұл, – деді әкесі. Береке бақшадағы сәбіз-
дерін күтумен болды. Кішкене шелегімен су әкеліп құяды.
– Сенің сәбізің ең тәтті сәбіз болады, – деді тағы бірде
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
әкесі.
– Оны қайдан білесіз, әке? Тұқымы жақсы ма? – деді
бала. Сәбіз пісті. Береке бір түбін жұлып алды. Жуып
жеп көрді.
– Тәтті ме екен? – деді әкесі.
– Қант қосып қойғандай тәп-тәтті, – деді Береке.
– Әке, ең тәтті сәбіз болатынын қайдан білдіңіз?
– Сенің ісіңнен білдім. Сен оны сумен ғана емес, ең-
бекпен де суғарған едің. Тәттілігі содан ғой, – деді әкесі.
(Б. Мұстафин)
қылтию – енді шыға бастау
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Береке мен әкесі бақшаға не екті?
2. Ол сәбіздерін қалай күтті?
3. Сәбіз қалай болып өсті?
Оқы. Сәбіздің дәмі қандай болып өскенін айт.
1. Берекенің бақша салуға әкесіне қалай көмектескенін
әңгімеле.
2. Оның сәбізді қалай күткенін айтып бер.
1. Әңгімені түсініп оқы. Әңгімеле.
2. Әкесі мен Берекенің сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
107
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.