Page 111 - 5.3.1
P. 111
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Ең жақсы маусым special-edu.kz.
– Айнұр, сен жылдың қай мезгілін ұнатасың? – деп
сұрады әкесі.
– Мен көктемді ұнатамын.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әкесі:
– Неге? – деп сұрады.
Айнұр:
– Көктем – ең жақсы мезгіл. Қар ериді. Арықтардан
су ағады. Суға қағаздан қайық жасап ойнайсың. Жылы
жақтан құстар ұшып келеді. Күн ұзарады. Жерді көктем
гүлдері басады. Алғашқы бәйшешек шығады. Бәйшешек
гүлі сондай әдемі. Сіз маған жылда туған күніме осы бәй-
шешек гүлін сыйлайсыз ғой.
Көктем мезгілінде мерекелер де өте көп. 8 наурыз –
аналардың мерекесі болады. 22 наурызда Наурыз мере-
кесі тойланады. Содан кейін 1 мамыр – Бірлік күні, 9
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мамыр – Жеңіс күні мерекелері болады. Сондықтан мен
көктем мезгілін ерекше жақсы көремін.
– Қызым, жыл мезгілінің бәрі жақсы. Көктемде жер
жаңарады. Табиғат оянады. Жазда күн ысып, балалар
суға шомылады. Күзде жеміс піседі. Қыста жер бетін ақ
қар басады, – дейді әкесі.
(С. Оспанов)
1. Әкесі Айнұрдан не сұрады?
2. Айнұр әкесіне не деп жауап берді?
3. Көктемде қандай мерекелер болады? Ол қандай мерекелер?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Әңгімеден тауып оқы.
1. Сөйлемдерді буындап оқы, тұтас оқы.
2. Мәтіннен көктем белгілерін тап.
1. Әңгіме үзіндісін оқы. Әңгімеле.
2. Көктем мерекелері туралы өз сөзіңмен айт.
1. Әңгімені кезектесіп оқы.
2. Рөлге бөліп оқыңдар.
109
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.