Page 115 - 5.3.1
P. 115

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               ІІ                                                special-edu.kz.
                                       Бойды өлшеу

            – Светлана, сен неге ағашыңа су құйдың? – деп сұра-
        ды Зинаида Федоровна.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Қурап қалмай тез өссін, таза болсын деп суардым.
        Бәрібір мен одан бұрын өсемін ғой!
            – Ол үшін сен де жиі жуынып тұруың керек. Қарашы,
        бет-аузың, үсті-басың қандай лас. Бұл түріңмен сен тез
        өсе алмайсың! – деді оған Зинаида Федоровна.
            Светлана  жуынатын  бөлмеге  жүгіріп  барып,  беті-қо-
        лын  жуды.  Көйлегіндегі  шаңды  қақты.  Сосын  Зинаида
        Федоровнаның қасына келіп:
            – Мен ағашымды тағы көріп келейінші, – деп сұран-
        ды.  Зинаида  Федоровна  оған  рұқсат  берді.  Екеуі  бірге
        аулаға шықты. Светлана ағашына жақын келіп, қолына
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        бір, ағашқа бір қарады. Екеуі де тап-таза.
            –  Енді  мен  әрқашан  да  жуынып  жүремін.  Көрейік,
        қайсысымыз бұрын өсер екенбіз! – деді Светлана.
                                                                        (С. Баруздин.
                                                            Аударған – Л. Әсенова)


                1. Топқа келген Светлана не істеді?
                2. Зинаида Федоровна Светланадан не жайында сұрады?
            3.  Неліктен  апай  Светланаға  «сен  тез  өсе  алмайсың»  деді?
            Мәтіннен тауып оқы.
            4. Тап-таза Светлана ағашына қарап тұрып не деді? Мәтіннен
            тауып оқы. Суретке қарап мазмұнда.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Жоспар: 1. Көктемдегі балалардың еңбегі.
            2. Зинаида Федоровнаның тапсырмасы.
            3. Светлананың тал шыбығы.
            4. Светланаға Зинаида Федоровнаның айтқан сөзі.
            5. Светлананың соңғы сөзі.


                   Тыңда. Әңгімедегі адамдардың есімін айт.
                   Әңгімені түсініп оқы. Өз ойыңды айт.
                Әңгімені түсініп оқы. Жоспар бойынша әңгімеле.



                                                                                   113
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120