Page 117 - 5.3.1
P. 117
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Табиғатты қорға special-edu.kz.
Көктем кезі. Көшеде үш бала келе жатыр. Қолдары-
на бірнеше үйрек ұстаған. Шелектері толған жұмыртқа.
Бұларға табиғатты аралап жүрген натуралист* кездесті.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Табыстарың мол екен. Тұзақ* құрғансыңдар-ау, –
деді натуралист, оларды тоқтатып.
Олар мақтанған қалыппен бас изеді*.
– Мына жұмыртқаларды да сол ұялардан жинадыңдар
ғой,– деді ол. Қателіктерін сезген балалар үндемеді.
– Кәне, неше үйрек ұстадыңдар?
– Тоғыз, – деді кішкене сары бала.
– Сендер бұл күнде табиғатқа қанша зиян келтірген-
деріңді білесіңдер ме? Тоғыз үйрек ұстап алыпсыңдар.
Тоқсанға жуық жұмыртқасын алдыңдар. Бәрін қосқанда –
жүзге жуық құсты өлтірдіңдер. Егер олар тірі қалса, екі-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
үш жылда қанша болар еді? – деді балаларға.
– Табиғатқа осыншама зиян келтірдік, – деп, балалар
қатты ұялды. Олар кешірім сұрады. Екінші мұндай істе-
мейтіндерін айтты.
(Қ. Аймағамбетова)
натуралист – табиғатты зерттейтін адам
тұзақ – қақпан
бас изеу – мақұлдау, келісу
1. Үш бала қолдарына не ұстап келе жатты?
2. Оларға кім кезікті?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Балалар құстарды қалай ұстап алған?
4. Неше үйрек ұстап алған?
5. Балалар табиғатқа қандай зиян келтірді?
6. Олар қандай уәде берді?
Оқы. Балалардың не үшін ұялғанын айтып бер.
Натуралистің балаларға айтқан сөзін әңгімеле.
Іштей оқы. Натуралист пен балалардың әңгімесін рөлге бөліп
оқыңдар.
115
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.