Page 121 - 5.3.1
P. 121
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Сарышымшық special-edu.kz.
Көктем. Оқушылар бір апталық демалысқа шықты.
Әкесі Айбекті ата-әжесінің үйіне әкеп тастады. Айбекке
атасының үйі өте ұнайды. Атасы оны атқа отырғызады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Екеуі бірге мал жайғайды. Ал әжесі Айбекке ертегі ай-
тып береді. Барлық істе жанына ертіп жүреді.
Бір күні Айбек әжесі екеуі бақшаға барды. Бақшадағы
ағаштар бүршік атып үлгеріпті. Құстардың дыбысы да
көбейген. Бір кезде бақшада әдемі бір дыбыс естілді.
– Әже, мынау не дыбыс? –деп сұрады Айбек.
– Бұл сарышымшықтың дауысы, – деді әжесі.
– Сарышымшық? Ол қандай құс? – деді Айбек.
– Сарышымшық әнші құстарға жатады. Қазір мен
саған оны көрсетемін, – деді әжесі.
– Қай жерде әндетіп отыр? Көрсетіңізші?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
– Әне отыр, – деп, әжесі бұтақты көрсетті. Сары-
шымшық бізді көріп үндемей қалды.
– Кіп-кішкентай ғой! – дедім таңғалып.
– Әсем сайрай білу* – өнер. Өнер үлкен-кішіні таңдамай-
ды. Өнер талаптыға қонады. Кіп-кішкентай болса да дауы-
сы бүкіл бақшаға естіледі, – деп, күліп жауап берді әжесі.
Айбек енді сарышымшықты дауысынан танитын болды.
(М. Төрежановтан.)
әсем сайрай білу – әдемі әндете білу
1. Әжесі мен баласы қайда барды?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2. Бақшада нені көрді? Не естіді? Әңгіме жолдарынан тауып оқы.
3. Әжесі балаға қандай құс туралы айтты?
4. Құс қандай екен? Әңгімеден құсты сипаттайтын жолдарды
тауып оқы.
Әжесі не деп жауап берді? Оқып бер.
Оқы. Сарышымшық қандай құс? Өз сөзіңмен айт.
1. Әңгімені іштей оқы.
2. Әжесі мен баланың сөздерін рөлге бөліп оқыңдар.
119
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.