Page 120 - 5.3.1
P. 120

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                               Сыйлық                                            special-edu.kz.

                 Наурыз айы. Қыздардың мерекесіне аз күндер қалды.
             Нұржамал апай сыныбының ұлдарын жиып алып:
                 – Балалар, 8 наурызға қыздарға сыйлық дайындайық.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             Сендердің қандай ұсыныстарың бар? – деп сұрады. Ұлдар
             өз ұсыныстарын айта бастады.
                 – Біз, әрбір ұл, әр қызға сыйлық жасасақ қайтеді? –
             деді Нұртас.
                 – Қыздарға арнап шағын концерт қойсақ қайтеді? –
             деді Нұржан.
                 – Мүмкін қыздарға қолдан гүл жасап берерміз? – деді
             Айбек.
                 Балалар ақылдаса келе әр ұл әр қызға сыйлық жасайтын
             болып келісті. Ұлдар кімнің кімге сыйлық дайындайтынын
             бөліп алды. Ерлан Назгүлді таңдады. Себебі Ерлан мен Назгүл
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             бірінші сыныптан бастап бір партада отырады. Көрші тұрады.
             Сабақтан қиналса, Назгүл үнемі көмектесуге дайын.
                 Үлкен үзіліс кезінде қыздарды құттықтайтын болды.
             Бірақ сол күні Назгүл сабаққа келмеді. Ауырып қалып-
             ты. Сабақ аяқталды. Ерлан Назгүлдің үйіне барды. Наз-
             гүлге сыйлығын беріп:
                 – Мерекеңмен! Тезірек сауығып кет! – деді ол күлім-
             деп.  Назгүл  Ерланның  ұсынған  гүлі  мен  ораулы  затын
             қолына алды. Қайта-қайта рақмет айтты. Көңілі көтеріл-
             ді. Өзінің ауырып жатқанын ұмытып кетті.
                                                                      (Т. Әбдірайымнан.)
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     1. Сынып жетекшісі ұлдармен не жайлы сөйлесті?
                     2. Нұртас қандай ұсыныс айтты? Әңгімеден тауып оқы.
                 3. Ерлан сыйлық беруге кімді таңдады? Неге?
                 4. Назгүл сабаққа неге келмеді?
                 5. Сендер 8 наурызда сыныптағы қыздарға қандай сыйлық сый-
                 лайсыңдар?

                        Тыңда. 8 наурыз мейрамы туралы айт.
                        Әңгімені оқы. Түсінгеніңді айт.
                        Әңгімені іштей оқы. Рөлге бөліп оқыңдар.


             118
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125