Page 55 - 5.5.1
P. 55

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



            Шөпқоректі  жануарлар  өсімдіктердің  жемістерімен,                                  special-edu.kz.
        тұқымдарымен,  жапырақтарымен,  тамырларымен  және
        қабығымен қоректенеді. Жыртқыш аңдар шөпқоректі жа-
        нуарларды аулайды. Шөпқоректі жануарлар жыртқыштар-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        дан  өткір  мүйіздерімен  және  күшті  тұяқтарымен  қорға-
        нады. Шөпқоректі жануарлар шапшаң жүгіреді және тез

        жасырынады.  Олардың  қауіпті  дер  кезде  байқауы  үшін
        есту және көру қабілеттері жақсы дамыған.

                   Сұрақтар мен тапсырмалар:
                   Қандай жануарларды «жыртқыш аңдар» деп атайды?
            Жыртқыш аңдарға өткір тіс пен күшті тырнақтың не үшін ке-
        регі бар? Қандай жануарларды «шөпқоректі жануарлар» деп атауға
        болады? Жануарлар өсімдіктің қандай бөліктерімен қоректенеді?

            Жабайы жануарлардың табиғатта алатын рөлі қандай?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Ойланып  көр,  егер  Жер  шарында  тек  шөпқоректі  жануарлар
        ғана  қалса  не  болар  еді?  Жер  шарына  басқа  жануарлармен  қо-
        ректенетін  жыртқыш  аңдар  керек  пе?  Адам  жануарларға  қалай
        көмектесе алады?

            «Түлкі мен қоян» ертегісін оқы.
            Ерте  заманда  түлкінің  құйрығы  қысқа  болыпты.
        Қасқыр  оны  оңай  тауып  алатын.  Бір  күні  қасқырдан
        әзер құтылған түлкі қоянды көріпті. Ол кезде қоянның
        үлпілдеген  ұзын  құйрығы  болатын.  Ұзын  құйрығы  қо-
        янға жүгіріп, секіруіне бөгет жасайтын. Түлкі қоянның
        құйрығынан бас салып, жұлып алыпты. Түлкіден қатты
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        қорыққан қоян: «Мені өлтірме, саған құйрығымды сый-
        ға берейін», – депті. Түлкі оған келісіп, екеуі сол жерде
        құйрықтарын  айырбастайды.  Содан  бері  түлкінің  құй-
        рығы ұзын, қоянның құйрығы қысқа болып қалған екен.

                Сұрақтарға жауап бер.
                Қасқыр түлкіні қалай тауып алатын?
                Түлкіге ұзын құйрық не үшін керек болды?
                Қоян құйрығын неге түлкіге берді?





                                                                                     53
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60