Page 56 - 5.5.1
P. 56

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                 ӨЛІ ТАБИҒАТТАҒЫ ҮДЕРІСТЕР                                       special-edu.kz.

                                Ауаның өсімдік, жануар және
                                    адам өмірі үшін маңызы
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                     Оқы.
                     Ауа  бізді  жан-жағымыздан  қоршап  тұр.  Жануар-
             ларға,  өсімдіктерге  және  адамға  ауа  қажет.  Біз  ауамен

             тыныс аламыз. Ауа Жер шарын қалың қабатпен қоршап
             жатыр.  Осы  қабаттың  арқасында  біздің  ғаламшарымыз
             Күннің  ыстығынан  күйіп  кетпейді,  ғарыштық  суықтан
             қатып қалмайды. Егер Жерде ауа болмаса, өлі далаға ай-
             налар еді. Ауасыз Жерде тіршілік мүмкін болмайды.
                 Ауа  көшеде  де,  бөлмеде  де,  жерде  де,  суда  да  бар.
             Жердегі  кез  келген  кеңістік  ауамен  толып  тұр.  Мөлдір
             стақан бос сияқты. Онда ауа бар. Стақанды суға ақырын-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             дап батырып көр. Одан көпіршіктеніп ауа шығады.
                 Өсімдіктерге де ауа өте қажет.
             Кейбір өсімдіктердің тұқымы мен
             жемістері  ауа  арқылы  тарайды.
             Ауасыз  өсімдіктің  қалыпты  өсуі
             мен дамуы мүмкін емес.
                 Өсімдіктер          жануарлар          мен
             адамдарға  қарағанда  тыныс  ал-
             ғанда  тұтынып  қана  қоймайды,
             сонымен  бірге  таза  ауа,  оттегі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             шығарады.  Сондықтан  өсімдік-
             терді  ғаламшардың  «өкпесі»  деп
             атайды.
                 Ауа  бірнеше  көрінбейтін  газ-
             дан  құралады.  Ауа  көрінбейді,  бірақ  сезінуге  болады.
             Ауа түссіз, мөлдір, оның дәмі де, иісі де болмайды. Бірақ
             ол иістерді тарата алады. Ауа қозғалады. Ауа иісті ғана
             емес,  сондай-ақ  жемістерді,  өсімдіктің  тұқымдарын  да
             таратады.



             54
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61