Page 66 - 5.5.1
P. 66
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қазақстанның өсімдік шаруашылығы special-edu.kz.
Оқы.
Біздің елімізде құнарлы жерлер көп. Оларда көптеген
әртүрлі өсімдіктер өседі. Адамдар тамақ өнімдерін және
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мал азығын алу үшін өсімдік өсірумен шұғылданады.
Қазақстанда ауылшаруашылық өсімдіктерінің шама-
мен 50 түрі өсіріледі. Бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш
және т.б. дәнді дақылдар өсімдік шаруашылығының не-
гізгі саласы болып табылады. Алайда бидай – аса маңыз-
ды дәнді дақыл болып табылады.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Қазақстан бидаймен өз халқын ғана қамтамасыз етіп
қоймай, сонымен бірге басқа елдерге де жібереді. Қа-
зақстан бидайы өте сапалы, сондықтан да ол бүкіл дү-
ниежүзі бойынша жоғары бағаланады.
Есіңе сақта!
Қазақстан – дәнді дақыл өсіретін әлемдегі ірі мемле-
кеттердің бірі.
Қазақстанда сондай-ақ күріш, қарақұмық, рапс, соя,
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
мақта, қант қызылшасы және көптеген көкөністер мен
жемістер өсіріледі.
Адамның тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байла-
нысты. Адамдар тұтынатын және қоректенетін азықтар-
дың негізгі бөлігі өсімдіктер болып саналады. Өсімдік
шаруашылығында жұмыс істейтін адамдар үлкен құрмет-
ке бөленеді. Себебі олар біздің барлығымызды нанмен,
қантпен, көкөніспен, жемістермен, күнбағыс майымен
және т.б. көптеген тамақ өнімдерімен қамтамасыз етеді.
64
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.