Page 38 - 5.9.1
P. 38
special-edu.kz.
4-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқы. Сөздердің түбірін тап. Дәптерге көшіріп жаз.
Үлгі: оқушы, оқулық – оқу, ... .
Оқушы, оқулық –
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқимын, оқисың, оқиды, оқисыз –
Жазамын, жазасың, жазады, жазушы, жазу –
Сыныпқа, сыныпта, сыныбым, сыныбымыз, сыныптар –
5-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің жалғауларын тап.
Ол сөздерді жалғаусыз айтып көр. Сонда сөздер дұрыс байла-
ныса ма?
Қарлығаштар көктемде ұя сал-
ды. Жазда онда үш балапан пайда
болды. Мысық балапандарды кө-
ріп, оларды жегісі келді. Қар-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
лығаштар мысықты көріп қойды.
Қарлығаштардан қорыққан мысық
балапандарды жей алмады, өз
жөніне кетті.
6-тапсырма.
Өлеңді түсініп оқы. Өлеңде не туралы айтылғанын әңгімеле.
Өлеңде қандай сөйлемдер кездеседі. Сөйлем соңында қандай
белгілер қойылған?
Құс ұясын бұзбайық
Тырнақтай құстың жауы көп,
Ей, балалар, балалар!
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Құрулы ажал – ауы көп.
Аман болсын аналар!
Құстарда да ана бар,
Балалық қып қызбайық!
Құстарда да бала бар.
Құс ұясын бұзбайық!
(Ө. Тұрманжанов)
7-тапсырма.
Жаңылтпашты дұрыс, тез айтып үйрен.
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды қуантады.
36
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.