Page 42 - 5.9.1
P. 42
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қазақстан special-edu.kz.
1-тапсырма.
Мәтінді оқы. Түсінгеніңді айтып бер.
Сұрақтарға жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Қазақстанның жері қандай? 2. Қазақстан қай мемлекеттер-
мен шектеседі? 3. Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар шығады?
Қазақстанның жері батыстан шығысқа қарай 3000 ки-
лометрге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 километрге
созылып жатыр. Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Қырғыз-
станмен, Өзбекстанмен, Түрікменстанмен шектеседі.
Республикада көмір, мұнай, газ, алтын, күміс, темір
және басқа да пайдалы қазбалар шығады.
2-тапсырма.
Дәптерге көшіріп жаз. Өз сөзіңмен айтып бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекет-
тік рәміздер күні. Біздің Мемлекеттік рәміздер – Ту, Ел-
таңба, Әнұран. Мемлекеттік Ту – ортасында шұғылалы
Күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген
тікбұрышты көгілдір түсті мата. Мемлекеттік Елтаңба –
көгілдір түс аясында шаңырақ түрінде бейнеленген.
Шаңырақты айнала Күн сәулесіндей тарап уықтар шан-
шылған. Шаңырақтың екі жағында қанатты пырақтар
бейнеленген. Ал Әнұранымыз – еліміздің мақтанышы.
3-тапсырма.
Өлеңді түсініп оқы. Көшіріп жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Жатта.
Сендердікі қоғам, өмір, заман да,
Сен түзеген қалаң менен далаң да.
Болашақта барлығы да сендердікі, жас ұрпақ,
Сендерге аманат етіп табыстаймыз бәрін де!
(М. Мақатаев)
шаңырақ – деревянный круг пырақ – бурак
на верхушке юрты уық – унины
40
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.