Page 79 - Казак тили 6 сынып каз
P. 79
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ special.edu.kz.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Сөз таптары.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Зат есімді қайталау
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жа-
уап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы:
әке, (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), тау (не?), ауыл
(не?), ақыл (не?), мал (не?), құс (не?) т.б.
1. Мәнерлеп оқы. Дала жұлдызы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ыбырай Орынбордағы оқуын бітіріп, ұстаз болып шықты.
Ол Торғай қаласына келісімен мектеп салдырды. Қараңғы
халық балаларын оқуға бере қоймады. Сондықтан да оқуға
балаларды тарту үшін Ыбырай ел аралауға шықты. Ыбырай
Алтынсарин қазақ халқының жарық жұлдызы еді. Ол қазақ
балалары үшін тұңғыш рет мектеп ашып, оқулық жазды.
Енді сол жұлдыздың төңірегіне мыңдаған жұлдыз шоғырла-
нып жарық нұрын шашты.
Мәтін не туралы? Ыбырай Алтынсарин деген кім?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Зат есімдерді тауып, астын сыз.
Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.
2. Жалқы есімдердің қатарын толтыр.
1. Кісі аттары: ... , ... , ... .
2. Мемлекет, қала, ауыл атаулары: ... , ... , ... .
3. Жер-су атаулары: ... , ... , ... .
4. Газет-журналдар атаулары: ... , ... , ... .
5. Жануарларға қойылатын аттар: ... , ... , ... . 77
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.