Page 12 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 12
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Мысық пен Ит special.edu.kz.
(ертегі)
Ертеде Мысық пен Ит келе жатыпты. Мысық өте әдемі,
аппақ екен. Құйрығы бұралған. Тырнақтары өткір. Мұрты
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ұзын. Ал Иттің түсі қоңыр. Құлақтары тік. Көздері қап-қара,
сүйкімді екен.
Мысық:
– Шіркін, қожайыным* болса ғой. Мен оның үйін тышқан-
нан қорғар едім. Оған адал қызмет етер едім, – дейді.
Ит:
– Сен дұрыс айтасың. Мен де өз қожайыныма көмектесу-
ге дайынмын, – дейді.
Мысық:
– Ал, сен не істей аласың? – деп сұрайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ит:
– Мен бе? Мен үй күзетемін. Адаммен бірге аңға шығар
едім. Мал қайыруға көмектесер едім, – дейді.
Мысық:
– Е-е, бірақ адамдар біздің пайдамызды қайдан білсін? –
дейді мұңайып.
Ит сәл ойланып:
– Мысық, жүр, екеуміз адамдарға барайық. Оларға өз
пайдамыздың бар екендігін көрсетсек қайтеді? Мүмкін сол
кезде олар бізді үйіне кіргізер. Сонда біздің қарнымыз тоқ
болады. Жылы үйіміз де болар еді. Арманымыз орындалар
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
еді, – деп ақылын айтты.
Мысық Иттің айтқанына келісе кетеді.
Ит пен Мысық адамның үйіне келеді. Адам аңға шыққан-
да ит ере шығады. Орманда аң аулауға көмектеседі. Түнде
адамның үйін жыртқыштардан күзетеді.
Ал мысық адам аңға кеткенде оның үйіне кіреді. Қара-
са, тышқандар адамның жинаған бидайын жеп жатыр екен.
Мысық бірден іске кіріседі. Күні бойы тышқандарды қуады.
10
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.