Page 16 - Оқу және тіл дамыту_6 сынып _оқулық
P. 16
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ІІ special.edu.kz.
Түлкі жортып келе* жатады. Қараса, қойшы жылап отыр.
Түлкі:
– Е, қойшым, неге жылап отырсың? – деп сұрайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қойшы болған оқиғаны түлкіге айтып береді.
Түлкі:
– Қойшы, сен, жылама! Аюдан құтылудың амалын* мен
саған айтып берейін! – деп жұбатты*.
Қойшы түлкінің өзіне көмектескені үшін риза болды.
* * *
Сонда түлкі:
– Мен саған аюдан құтылудың жолын айтайын. Ол үшін
сен қазір үйіңе бар. Үлкен қап алып кел! Осы жерге аю ке-
леді. Ол сені жемекші болады. Сол кезде мен анау жерді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
шаңдатып жүремін.
Аю сенен: «Анау не? Не қылған шаң?» – деп сұрар.
Сонда сен: «Ойбай, аю! Ол аңшылар ғой. Саған ау құрып жа-
тыр. Сені ұстап алмақшы. Байқа, сені ұстап алмасын!» – де.
Қорыққан аю: «Ойбай, енді қайда барамын? Сен мені жа-
сыр. Қайда тығыламын?» – деп өтінер. Сонда сен: «Тұра тұр.
Ойланып алайын. Менде үлкен қап бар. Сен осы үлкен қапқа
тығыл», – де. Аю қапқа кіргенде, аузын мықтап байла. Аюды
шоқпармен* аямай ұр! – деп ақыл айтады.
* * *
Қойшы мен түлкі жоспар құрады. Екеуі бірігіп аюды алда-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
мақшы болып келіседі.
Сонымен Аю қойшыға келіп:
– Енді мен сені жеймін! – дегенде, алыстан бұрқылдаған
шаңды көреді.
– Қойшы, анау не? – деп сұрайды аю.
– Ол – аңшы. Аю ұстау үшін ау құрып жүр, – дейді қойшы.
Аю:
14
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.