Page 119 - Жаратылыс тану_6_сынып++
P. 119
special.edu.kz.
special.edu.kz.
рашірік көп болса, ал басқа бір жерде аз болады. Әртүрлі special.edu.kz.
топырақтардың құрамындағы құм, саз, минералды тұздар-
дың мөлшері де бірдей болмайды.
Құрамында құмы көп топырақ құмды топырақ деп
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
аталады (128-1-сур.). Құмды топырақ, әдетте, ақшыл түсті,
үгілгіш, жеңіл болады. Оның құрамында ауа көп, ал су мен
минералды тұздар аз болады.
Неге екенін түсіндір.
Құрамында сазы көп топырақ сазды топырақ деп
аталады (128-2-сур.). Сазды топырақтар тығыз, ауыр. Олар
суды жақсы ұстап тұрады. Сазды топырақта ауа аз болады.
Топырақтар қарашірік пен минералды тұздардың шама-
сына қарай да ерекшеленеді. Қарашірік пен минералды
тұздар бәрінен де қаратопырақты жерде көп болады. Қа-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ратопырақты жердің түсі қоңыр (128-3-сур.). Онда ауа көп.
Қаратопырақты жер суды жақсы сіңіреді. Бұл – ең құнарлы
жер қабаты.
Кез келген топырақ төрт бөліктен: қатты – құм; саз,
сұйық – су; газтәріздес – ауа және органикалық – қара-
шіріктен құралады.
Топырақтағы осы бөліктердің арақатынасы, оның бор-
пылдақ, сусымалы, сусіңіргіш, жылуөткізгіш қасиеттеріне
және құнарлылығына тәуелді болады.
Топырақ құмды, сазды, қарашірікті болады. Топырақ -
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тың негізгі қасиеті – құнарлылық. Топырақта қарашірік қан-
шалықты көп болса, топырақтың түсі де соншалықты қара
қоңырлана түседі, суды және онда ерітілген қоректік зат-
тарды жақсы ұстап тұрады.
Сен сабақта топырақтың қандай түрлері туралы білдің?
1) Топырақ қандай төрт бөліктен тұрады?
2) Топырақтың қай қасиеті негізгі болып саналады?
1) Құмды және сазды топырақтар туралы айт.
2) Қай топырақ ең құнарлы топырақ деп есептеледі? Неге? 117
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.