Page 83 - Жаратылыс тану_6_сынып++
P. 83

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



            Әдеттегі әктастарды өзен жағалауындағы жарқабақтар-                                  special.edu.kz.
        дан көруге болады. Әктастардан кірпіш кесіп алып, олар-
        дан үй қабырғасын қалайды. Әктастарды арнайы пештерде
        күйдіргенде, ол ұнтаққа – әкке айналады. Әкті құрылыста
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        кірпіштерді біріктіру, қабырғаларды ақтау үшін қолданады.
        Әктас пен саздан цемент жасайды.

            Бор (95-сур.) – бұл ақ түсті әктас.
        Ол  оңай  сынып,  ұнтақталады.  Оны
        күлдей қылып ұнтақтауға, кесуге бо-

        лады.  Борды  барлық  оқушы  біледі:
        онымен сынып тақтасына жазады.
        Ұнтақталған әктаспен үй қабырғала-
        рын ақтайды.                                                 95-сурет

            Мәрмәр (96-сур.) –  бұл ең қатты
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        және мықты әктас. Оны жылтыратып
        өңдеуге болады. Өңделген мәрмәр-
        лардан метро қабырғаларын, театр
        бағаналарын жасайды. Мәрмәрдан
        мүсін, ескерткіштер жасайды, асүй

        жиһазының үстіңгі бетін жасау үшін
        пайдаланады.                                                 96-сурет

            Әктастар – әдеттегі әктас, мәрмәр мен бор – құрылыс-
          та пайдаланылатын пайдалы қазбалар. Құрамында көмір-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          қышқыл газы бар. Әктастардың ең қаттысы және мықты-
          сы – мәрмәр. Әдеттегі әктастың іші кеуекті болады. Бор
          оңай сынады, ұнтақталады.

                Сен қандай әктастарды білесің?
                Әктастар қайда пайдаланылады?
                Әктастардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?








 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                           81          special.edu.kz.
   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87   88