Page 53 - 7.1.1
P. 53
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Септік жалғау special-edu.kz.
Септік жалғауы өз ішінде 7 септікке бөлінеді.
Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс,
көмектес.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Атау септігі басқа септіктердің негізі болып есептелі-
неді, сол себепті атау септігінде қосымша болмайды.
Басқа септіктердің арнаулы мынадай қосымшалары
бар:
1. Атау септік
2. Ілік септік: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
3. Барыс септік: -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не.
4.Табыс септік: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н.
5. Жатыс септік: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде.
6. Шығыс септік: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.
7. Көмектес септік: -мен, -менен, -бен, -бенен, -пен, -пенен.
special-edu.kz.
special-edu.kz. Қарлығаш алғыс айтқан шығар special-edu.kz.
1-тапсырма. Мәтінді оқып шық. Қарамен жазылған сөз-
дердің жалғауы қай септікте тұрғанын анықта.
Ауылдың сыртында ағып жатқан бұлақтың бір жағы
тік жар болатын. Сол жарда баланың қолы зорға сыятын
көптеген тесіктер бар. Бұл тесіктерге жаз айларында қар-
лығаштар кіріп шығатын.
Осы мөлдір бұлақта 4-5 бала ойнап жүрдік. Бір мезгіл-
де бір қарлығаш Әбішті қанатымен түртіп өтіп, төменірек
тұрған бір тесікке барып, қайта бізге келді. Осылайша ол
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
біресе тесікке, біресе бізге келіп төбемізден айналды.
– Ой, мынаған не болды? – дедім. Әбіш қарлығаштың
ұшқан жағына қарады да, бір таяқты қолына алып тұра
жүгірді.
Біз Әбішке қарап тұрдық. Әбіш қолындағы таяғымен
қарлығаштың ұясына қарай өрмелеп бара жатқан жылан-
ды салып қалды. Жылан бүктеліп жерге түсті. Жыланды
өлтірген Әбішке «рақмет» дегендей, қарлығаш төмен қа-
рай келді де, ұясына кірді.
51
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.