Page 153 - 7.3.1
P. 153

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



        пайда болған жоқ па?» – деп, екі иығына кезек-кезек қа-                                  special-edu.kz.
        рай берді. Бірақ денесіне жабысқан құмнан басқа ештеңе
        көре алмады.
            Бір  күні  ол  теңіз  жағасында  түрлі  жәндіктерді  теріп
        жүрген баланы кездестірді. Бұл балықшының баласы екен.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Сен білесің бе, балыққа айналу үшін не істеу керек? –
        деді Алиса оған.
            – Ей, ол оп-оңай. Қара да тұр, – деді бала.
            Ол теңіз жәндіктері оралған орамалын тастың үстіне
        қойды да, суға сүңгіп кетті. Бір-екі минут өтті, ал бала
        судан әлі шыққан жоқ. Міне, баланың орнына су бетіне
        дельфин шыға келді. Ол суды аспанға фонтанша атқыла-
        тып, Алисаның қасында секіріп ойнақтады.
            Ойнақтап болып, дельфин суға сүңгіп кетті. Жаңа ғана
        сол дельфин тұрған жерден бала шыға келді.
            – Көрдің бе, оп-оңай дельфин болғанымды? – деді ол
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        жымыңдап.
            – Көрдім. Тек мен ондай бола алмайтын шығармын, –
        деді Алиса.
            – Сен байқап көр.
            Алиса  теңіз  жұлдызына  айналсам  деген  ниетпен  суға
        секірді. Бірақ оның ойлағанындай болмай шықты. Ол үл-
        кен екі қақпағы ашылған теңіз қауашағына құлап түседі.
        Алиса жәндіктің жұмсақ денесіне тиіп кетіп еді, екі қақпағы
        тарс  жабылды.  Қыз  қауашақтың  ішінде  қалып  қойды.
        «Тағы бір бәлеге тап болдым», – деп ойлады қыз.
            Оның есесіне, теңіздің түбі, қауашақтың іші сондай таза,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        тып-тыныш екен. Өмір бойы меңіреу теңіздің түбіне қалып,
        су перісі сияқты өмір сүру қандай жақсы болар еді...
            Осы  кезде  Алиса  шешесі  мен  әкесін  есіне  алды.
        «Әке-шешемді жалғыз тастағым келмейді. Олар мені сон-
        дай жақсы көреді!» – деп күрсінді Алиса. Ол қауашақтың
        қақпағын  аяқ-қолымен  итеріп  ашты  да,  судың  бетіне
        жүзіп  шықты.  Жан-жағына  қарап,  балықшының  бала-
        сының  теңіз  жағасынан  алыстап  бара  жатқанын  көрді.
        Алиса да үйіне қарай жүгірді...


                                                                                   151
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   148   149   150   151   152   153   154   155   156   157   158