Page 18 - 7.5.1
P. 18

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



             гүлдің барлық бөліктері орналасады. Бұл – гүл табаны.                               special-edu.kz.
             Табиғатта    гүл  сағағы  болмайтын  гүлдер  де  (күнбағыс,
             бақбақ, ақкекіре) кездеседі.
                 Күлтенің төменгі бөлігінде тәтті шырын шірне құрала-
             заңқаптың  ішінде  тозаң  жетіледі.  Піскен  кезде  тозаңқап    special-edu.kz.
             ды. Күлтелердің хош иісі мен ашық түсі және шірне жән-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             діктерді өзіне тартады.
                 Күлтенің ішінде аталықтар мен аналық болады. Бұлар –
             гүлдің  негізгі  бөлігі.  Олардан  жемістер  мен  тұқымдар
             түзіледі. Әр аталық жіпше мен тозаңқаптан құралады. То-


             жарылып,  одан  тозаңдар  төгіледі.  Ана-
             лық гүлдің қақ ортасында болады. Ана-
             лықтың  төменгі  жуандау  бөлігін  түйін,
             одан жоғарырақ  жіңішкерген жерін мо-
             йын, ең ұшын ауыз деп атайды.
                 Гүлдеп  болғаннан  кейін  тостағанша,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
             күлте  мен  аталықтар  қурап  түсіп  қала- 16-сурет. Итмұрын-
                                                                            ның гүлі
             ды  да,  тек  аналық  түйін  сақталып,  ол
             жеміске айналады. Жемістің ішінде тұқым болады. Піскен
             кезде тұқымдар жерге түседі, бұлардан келесі жылы жаңа
             өсімдіктер өсіп шығады.
                 Көптеген өсімдіктерде аналық біреу, ал аталық үштен (дән-
             ді дақылдар) жүзге дейін (итмұрын) болады (16-сурет).


               Гүл гүл сағағынан, тостағаншадан, гүл күлтесінен, аталық пен ана-
               лықтан құралады. Гүлдің басты бөліктері – аналық пен аталық.
               Аталықтарда тозаңдар жетіледі. Түйіннен жеміс құралады. Гүлдер
               көлемі, пішіні, иісі,  күлтелерінің түстеріне қарай ерекшеленеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
                       Гүл сағағы. Тостағанша. Тостағанша жапырағы. Гүл күл-
                       тесі. Гүлқоршау. Аналық. Аталық. Түйін. Жіпше. Аналық
                       аузы. Күлте.
                       1. Гүл қандай бөліктерден құралады?
                       2. Гүлдің қандай бөліктері маңызды болып табылады? Неге?
                       3. Өсімдіктердің өмірінде түстің қандай маңызы бар?
                       4. Гүлдің орнында не  пайда болады?
                       №  2-зертханалық  жұмысты  орында.  Жұмыс  дәптеріндегі
                       № 10, 11, 12, 13-тапсырмаларды орында.

             16
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23