Page 5 - 7.5.1
P. 5

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                                 Оқулықпен жұмыс                                                 special-edu.kz.

            Қымбатты дос!  Саған «Жаратылыстану» оқулығымен
        жұмыс істеу ыңғайлы болу үшін төмендегі кеңестерге на-
        зар аудар.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            1. Оқулықтың  мазмұнымен таныс. Ол кітаптың соңын-
        да берілген. Мазмұны бойынша сен өзіңе қажетті мате-
        риалды тез табасың.
            2. Оқулықпен таныс. Суреттерге қара. Сен өсімдіктер,
        бактериялар мен саңырауқұлақтар әлемінің алуан түрлі
        екенін көресің. Суреттер мен олардың жазбалары  мәтін-
        нің мазмұнын түсінуге көмектеседі.
            3. 2-бетте шартты белгілер берілген. Тапсырманы не-
        месе жұмыстың қандай да бір түрін орындауда күмәндан-
        саң, шартты белгілерге қара.
            4. Оқулықтың әр тарауы жасыл түсті фонда ірі әріп-
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        термен  жазылған.  Сабақтардың  барлық  тақырыптары
        жаңа беттен басталады.
            5. Тақырыптан кейін оның негізгі түсініктері берілген.
        Олар жиекпен ерекшеленген. Тақырыптың  басты сөздері
        қара қаріппен жазылған. Оларды есте сақта, себебі олар
        мәтін мазмұнын түсіну үшін маңызды болады.
            6.  Әр  тақырыптың  тапсырмалары  мен  сұрақтары
        нөмірленген.  Тапсырманы  жұмыс  дәптерінде  орында.
        Тапсырмалар қызыл, сары және жасыл дөңгелектермен
        белгіленген.  Мұғалім  қажетті  сұрақ  пен  тапсырманы
        таңдауға көмектеседі.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            7.  Оқулықта  зертханалық  және  сарамандық  жұмыс-
        тардың,  тәжірибелердің  сипаттамасы  бар.  Сен  оларды
        мұғалімнің  басшылығымен  орындайсың.  Тапсырманы
        орындау барысын жұмыс дәптеріне жазып отыр. Бұл саған
        қандай да бір тақырыпты жақсы меңгеруге көмектеседі.
            8. 155-беттен сөздікті табасың. Жаңа сөздердің мағы-
        насын  ұмытып  қалмау  үшін  оған  жиі-жиі  қарап  отыр.
        Олар әліпбилік ретте берілгендіктен, қажетті сөзді жыл-
        дам таба аласың.


                                                                                      3
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10