Page 101 - 7.9.1
P. 101
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Жол ережелерін сақтаймыз special-edu.kz.
1-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Басқа дереккөздерден жол ережелеріне қатысты қосымша ақпа-
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
рат тап.
Сан есімдерді оқы. Оларды сөзбен жаз.
1931 жылы Алматы қаласында небәрі 109 автокөлік
болыпты. Оның 49-ы жеңіл, 59-ы жүк мәшинесі еді. 1935
жылы мәшине саны 640-қа жеткен.
Республика бойынша 1930 жылы небәрі 596 автомәши-
не, 93 мотоцикл тіркелген. Ол кезде де көліктің аздығы-
на қарамастан жол көлік оқиғалары болып тұрыпты.
2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына берілген сұраққа жауап беретін сөзді қой.
Көшіріп жаз.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Керекті сөздер: оң, сол, жерде, арт, өткізіп, есігін, доп,
жолда.
1. Көшеден өтерде алдымен ... (қай?) жағыңа, көшенің
орта тұсына жеткенде ... (қай?) жағыңа қара. 2. Егер
көлік келе жатса, өтіп кеткенше сол ... (қайда?) күте тұр.
3. Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустың
... (қай?) жағынан айналып өт. 4. Жаяу жүргінші жо-
лымен келе жатып, қақпадан көрінген мәшинені байқа-
саң, ... (не істеп?) жіберуің керек. 5. Жол үстінде ойнама,
... (не?) теппе. Жер тайғақ болса, ... (қайда?) абайлап жүр.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3-тапсырма.
Дереккөздерден жолға, жол ережелеріне қатысты құрамында
сын есімдері бар жұмбақ, мақал-мәтелдерді тауып жаз.
Сын есімдердің астын сыз.
Қызылы: «Тұр!» – дейді,
Сарысы: «Аялда!»
Жасылы: «Жүр!» – дейді.
99
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.