Page 70 - 7.9.1
P. 70
special-edu.kz.
3-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Сенің ұлтың кім?
2. Өз халқыңның қандай салт-дәстүрі бар?
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3. Сенің халқыңның ұлттық мерекелері қандай?
4. Өз отбастарыңда ұлттық дәстүрді сақтайсыңдар ма?
4-тапсырма.
Мақалды түсініп оқы.
Мақалды жатта. «Ауыр сөз» сөз тіркесінің мағынасын түсіндір.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
5-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Сұраққа жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Алыс сапарға аттандарда неге үлкен үйден дәм татқан?
2. Адамдар қандай нанымдарға сенген?
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын
анықта. Септіктің астын сыз. Сұрақ қой.
Үлгі: сапарға – сапар-ға – барыс септігі (қайда?).
Ауыз тию
Алыс сапарға аттанарда сол адам әулетіндегі үлкен үйге
кіріп дәм татқан. Сонда оны «Осы қара шаңырақтың киесі
қолдайды» деп сенген. Тамақтанып отырған кезде кірген
адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе таңғы астан ауыз
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
тимей кетуге болмайды. Астан ауыз тию – үй иелерінің
қонаққа деген, ал қонақтың дастарқандағы асқа деген
құрметі болып саналады.
6-тапсырма.
Мақалдарды оқы.
Мақалдардың мағынасын түсіндір.
1. Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.
2. Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал барып сәлем береді.
68
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.