Page 71 - 7.9.1
P. 71
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері special-edu.kz.
Бесікке салу
1-тапсырма.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Баланы бесікке кім салады? 2. Қандай ырымдар жасалады?
3. Қазақ халқы туған жерді неге алтын бесік деп айтады?
Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын сыз. Оларға
ауызша сұрақ қой.
Баланы бесікке салу – салтанатты рәсім. Баланы бесік-
ке елге беделді, жасы үлкен әже салады. Әжелер бесікке
«Бүркіттей көреген болсын» деп бүркіттің тұяғын, егер қыз
бала болса: «Сұлу болсын» деп айна немесе тарақ байлайды.
Кейіннен балаға бесік жыры айтылады. Қазақтың бесікті
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
құрметтейтіні соншалық, кішкентай кезінде атасы жатқан
бесікті сақтап, кейін оған немересін де жатқызады. Кезінде
қазақтың туған жерді «алтын бесік» деуі де осыдан болар.
2-тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңді көшіріп жаз, тәуелдеулі сөз-
дерді тап.
Әлди-әлди, ақ бөпем, Әлди-әлди шырағым,
Ақ бесікке жат, бөпем, Көлге біткен құрағым,
Жылама, бөпем, жылама, Жағамдағы құндызым,
Көзіңнің жасын бұлама. Әуедегі жұлдызым.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3-тапсырма.
Сөйлемдерді түсініп оқы.
4. Баскиімді теріс киме.
1. Дастарқан басында керілме.
5. Кемтар адамға күлме.
2. Нанды бір қолмен үзбе.
3. Кісіге саусағыңды шошайтпа. 6. Малды бастан ұрма.
Бұлар қандай сөйлемдер? Дұрыс нұсқаны таңда:
1. Ақыл сөздер.
2. Дана сөздер.
3. Тыйым сөздер.
69
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.