Page 79 - 7.9.1
P. 79
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Өсімдіктер special-edu.kz.
1-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Ата-бабаларымыз өсімдіктерді қалай пайдаланған? 2. Өсімдік-
тердің пайдасы қандай?
Мәтінді көшіріп жаз. Зат есімдердің астын бір сызықпен, етістік-
тердің астын екі сызықпен сыз.
Адам өмірінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте ай-
рықша. Бұрынғы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдік-
терді зерттеп, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапы-
рақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге,
бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегі бөлуші, шикізат,
мал азығы, тағамдық өнім.
(«Жануарлар әлемі». Балалар энциклопедиясы)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
2-тапсырма.
Өлеңді түсініп оқы.
Өлеңді көшіріп жаз.
Өлеңді жатта. Көпше түрде тұрған зат есімдердің астын сыз.
Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзді тыңдаймын,
Анашымды сыйлаймын.
(А. Бақтыгереева)
3-тапсырма.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Қандай өсімдіктерді жабайы дейді? 2. Қандай өсімдіктерді
мәдени дейді?
Ондағы септік жалғаулы сөздерді тап. Буын үндестігіне назар
аудар.
Орманда, көгалда, суқоймаларында, адам қолымен
отырғызылмаған өсімдіктер өседі. Олар – жабайы өсетін
өсімдіктер.
Адамдар бақшада, алқапта, бауда мәдени өсімдіктерді
өсіреді. 77
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.