Page 81 - 7.9.1
P. 81
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Көктем мезгілі special-edu.kz.
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, бірінші екі сөйлемін орыс тіліне аударып айт.
Сұрақтарға жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Қай мезгіл келді? 2. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер
болады? 3. Құстар қайдан ұшып келеді? 4. Аңдар, жәндіктер неден
оянады?
Етістіктерді тап. Олардың шақтарын анықта.
Көптен күткен көктем мезгілі де келді. Даланы жауып
жатқан қар еріп кетті. Көктемде күн жылынып, жер бу-
сайды. Көктем мезгілінде жәндіктер, аңдар қысқы ұйқы-
дан оянады. Құстар да жылы жақтан ұшып келіп жатыр.
2-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы. Қалаған екі сөйлемді көшіріп жаз.
Сұрақтарға жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Көктемде аңдар не істейді? 2. Қысқы ұйқыдан қандай
жануарлар оянады? 3. Борсық немен қоректенеді? 4. Қоян көжек-
терін қалай емізеді?
Көптік жалғауда тұрған сөздерді тап. Көптік жалғауда тұрған
зат есімдерге тағы қандай жалғаулар жалғанған? Тап. Астын сыз.
Көктемде аңдар төлдейді. Аюлар қысқы ұзақ ұйқыдан
оянады. Борсықтар да қысқы ұйқыдан оянады. Қоянның
көжектері туа салысымен кез келген бұтаның түбінде
жалғыз қала береді. Енесі майлы сүтін емізеді де, тастап
кетеді. Кез келген аналық қоян оларды емізіп кете береді.
(З. Клепатина)
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
3-тапсырма.
Сызба бойынша сөйлем құрап айт.
Сызба бойынша сөйлем құрап жаз.
Керекті сөздер: құстар, мал, ағаш, жаңбыр.
... ... келеді.
... төлдейді.
Көктемде ... гүлдейді.
... жауады.
79
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.