Page 85 - 7.9.1
P. 85

special-edu.kz.




            3-тапсырма.                    special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Мәтінді түсініп оқы.
            Сұрақтарға жауап бер.
            1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? 2. Қазақ батырлары
        кімдер? Олар не істеді? 3. 9 мамыр қандай күн?
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            Жалқы есімдерді көшіріп жаз. Олардың жазылу ерекшеліктерін
        түсіндір.

            1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Бұл
        соғысқа қазақ халқының көптеген ұл-қыздары да қатыс-
        ты. Олар Отаны үшін ерлік жасады.
            Қазақтың  батырлары:  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк
        Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Нұркен Әбдіров, Талғат
        Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев тағы басқалары.
            Төрт  жылға  созылған  соғыста  көпұлтты  Кеңес  одағы
        халықтары  жаумен  жан  аямай  шайқасты.  Ең  соңында
        фашистік Германия біржола жеңілді. Содан бері 9 мамыр
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Жеңіс күні болып жарияланды. Бұл жеңіс батыр атала-
        рымыз бен әкелеріміздің арқасында келді. Олардың ерлі-
        гі мәңгі ұмытылмайды.

            4-тапсырма.
            Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі адам аттарын ата.
            Сыныбыңда батырлар аттас балалар бар ма?
            Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді ата. Түсіндір.
                                 Батыр аттас балалар

        Бауыржан, Мәлік,  Талғаттар, Аттары әнге ұласқан,
        Сүйікті болып қалды аттар.                Нұркен боп ашық  тұр аспан.
        Олар аттас қаншама                        Табылар Мәншүк, Әлия
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
        Сәби бар, шәкірт, солдат бар. Қарасаң әрбір кластан.
                                                                         (О. Асқар)
            5-тапсырма.
            Мақалдарды аяқтап оқы.
            Мақалдарды аяқтап жаз. Мағынасын түсіндір.

            Керекті  сөздер:  ұмытпайды,  күймейсің,  жеткізер,
        ырысы.

         1. Отан өз батырларын ... .  3. Ерлік пен бірлік жеңіске ... .
         2. Отан үшін отқа түс ... .          4. Батыр туса – ел ... .
                                                                                    83
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90