Page 87 - 7.9.1
P. 87

special-edu.kz.
 special-edu.kz.



                           Мамандықтың бәрі жақсы                                                special-edu.kz.


            1-тапсырма.
            Мәтінді түсініп оқы. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып бер.
            Сұрақтарға жауап бер.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            1. Аяжанның апасы қайда жұмыс істейді? 2. Аяжан үлкейгенде
        кім болғысы келеді? 3. Аяжанға әкесі не деді?
            Мәтіндегі қарамен жазылған етістіктерін шақтарын анықта.
            Ол сөздердің әрқайсысына сұрақ қой.

            Аяжанның  апасы  –  фармацевт.  Ауырған  адамдарға
        дәрі  дайындайды.  Аяжан  мектептен  кейін  апасының
        дәріханасына барды. Аяжанға апасының жұмысы қатты
        ұнады. Ол: «Мен үлкейгенде апам сияқты дәрі сатамын
        ба, әлде мұғалім боламын ба?» – деп армандады. Маман-
        дықты таңдау оңай іс емес екен. Қатты ойланған Аяжан
        әкесінен ақыл сұрады:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
            – Әке! Мен кім болайын? Мен қатты ойланып тұрмын.
            –  Мамандықтың  бәрі  жақсы.  Өскен  соң  өзің  таңдап
        аларсың, – деді күлімдеген әкесі.
                                                                  (Б. Соқпақбаев)

            2-тапсырма.
            Берілген сөздерден сөйлем құрап оқы.
            Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

                                     рецепт, береді, дәрілерді, бойынша.
          Дәріханада
                                     дәрігер, фармацевт, жұмыс жасайды.

                                           special-edu.kz.
            3-тапсырма.
 special-edu.kz.                 Мен дәрігер боламын                                             special-edu.kz.
               Өлеңді түсініп оқы.
             Өлең  сөздерінен  сын  есімдерді  тап.  Сын  есім  шырайларын
        анықта.


          Ақ халатты киемін,
          Аппақ болып жүремін.                «Дәрігермін мен», – деймін,
                                              Кәрі әжемді емдеймін.
          Аппақ болып жүргенді                «Көп-көп ішіп дәріні,
          Өзім жақсы көремін.                 Кәрілікті жең», – деймін.
                                                                  (Ө. Тұрманжанов)
                                                                                    85
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.                                       special-edu.kz.
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92