Page 92 - 7.9.1
P. 92
special-edu.kz.
3-тапсырма. special-edu.kz. special-edu.kz.
Мәтінді түсініп оқы. Мазмұнын айтып бер.
Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді тап.
Қалаға саяхат
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Менің атым – Нұрлан. Біз анам Сайран екеуміз Нұр-
Сұлтан қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға
бірінші рет саяхат жасауым. Анам алдын ала бару және
қайту билеттерін сатып алды. Нұр-Сұлтан қаласына
пойызбен жеттік. Нұр-Сұлтан сұлу қала екен.
4-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып бер.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Әр саяхатшы Алматыны көруді неліктен армандайды? 2. Сен
Алматыдағы тағы қандай көрікті жерлерді білесің?
Жалқы есімдердің астын бір сызықпен, жалпы есімдердің астын
екі сызықпен сыз. Медеу
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
Алматы – Іле Алатауының етегіне салынған әдемі қала.
Алматы – мұражайлар, театрлар мен концерт залдары, кі-
тапханалар, мектептер мен спорт кешендері ең көп шоғыр-
ланған қала. Алматыдағы «Медеу» мұзайдынын Бүкіл дү-
ниежүзі халықтары да жақсы біледі. Көктөбе төбесіндегі
телемұнара да қаланың кез келген нүктесінен көрініп тұр.
(«Қазақстан еліне сиқырлы саяхат» кітабынан.)
5-тапсырма.
Мәтінді түсініп оқы.
Сұрақтарға жауап бер.
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Байқоңыр ненің орталығы? 2. Бұл жерде не ұшырылады?
Басқа дереккөздерден Юрий Гагарин туралы материалдар жина.
Қазақтың ғарышкерлерінің есімдері мен тектерін жаз.
Байқоңыр
Қызылорда облысында туристердің ең көп келетін жері
Байқоңыр ғарыш орталығы болып табылады. Оның аумағы
67 817 шаршы километрге тең. Бұл жерден зымыранның
ұшырылуын, ғарышкерлік мұражайды, сондай-ақ Юрий
Гагарин мен Сергей Королев тұрған үйлерді көре аласыз.
90
special-edu.kz. special-edu.kz. special-edu.kz.