Page 115 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 115
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Күшейтпелі шырай special.edu.kz.
Күшейтпелі шырай – белгілі бір сындық белгінің бір
нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырай-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дың түрі. Мысалы: сап-сары, жап-жарық т.б. Жасалу
жолы: негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буын-
ның қосарлануы арқылы жасалады.
1. Төмендегі сын есімдерден күшейтпелі шырай жаса.
Тар, ала, қызыл, тұщы, жұқа, сұйық, ыстық, тар, жақсы,
сұлу, жақын.
2. Сөйлемдерді оқып, күшейтпелі шырайлы сын есімдерді тауып,
олардың қалай жасалып тұрғанын айт.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ағаш атаулының ішінде ерте көктейтіні – ақ қайыңдар.
Олар көк шашаққа малынып, өзіне тән сүп-сүйкімді жеңіл
ғана иісімен, бүкіл аллеяны аңқыта сап-салқын ауаға бөле-
гендей. Ағаш астында асықпай жүріп келе жатқан жандар-
дың сарайы ашылып, жұпарлы жұп-жұмсақ ауамен тыныс-
таған сайын бойына ерекше қуат дарығандай сезінеді.
(С. Ғаббасов)
3. Күшейтпелі шырай түрін қолданып қыс мезгілі туралы әңгіме
жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Тірек сөздер: аппақ қар, тап-таза ауа, сәп-сәнді ағаштар,
сұп-сұлу табиғат, кіп-кішкене торғайлар, қап-қалың үйме
қар.
4. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздерді кү-
шейтпелі шырайға айналдыр.
Біз музыкадан таза нәр аламыз. Музыканың құдіреті
біздің жан дүниемізді толқытып, көңілімізді көтеруге әбден
жетеді.
(Аристотель)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
113