Page 111 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 111
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Жай шырай special.edu.kz.
Жай шырай – заттың жай қалыпты түрін, түсін, сапа-
сын, салмағын, көлемін білдіретін сын есімдер. Мыса-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лы: биік, жақсы, ақылды, өнімді.
Жасалу жолы: ешбір қосымшасыз түбір және туын-
ды сын есімдердің өзінен жасалады.
1. Төмендегі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыр.
Тайыз, жаман, әдемі, жақсы, семіз, ауыр, аласа, ұзын, до-
малақ, қышқыл, тәуір, ащы, түзу, қызыл, кіші.
2. Сөйлемдерді оқып шығып, жай шырайлы сын есімдерді
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
тауып, оларды байланысып тұрған сөздерімен бірге теріп жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Киіз үй – бұл қазақтардың ұлттық баспанасы. Киіз үй киіз-
ден, ағаш пен теріден жасалады. Киіз үйді кез келген сәтте
жинастырып, жаңа жерге орнатуға болады. Киіз үйде тұру
ыңғайлы: қыста жылы, ал жазда салқын болады. Киіз үйдің
еденіне киіз, алаша, сырмақ, құрақ көрпе төселеді. Көрпе
үстінде отыру жылы және жайлы болады. Киіз үйдің орта-
сында аласа дөңгелек үстел, дастарқан тұрады, шеттеріне
кереует пен сандықтар қойылады.
special.edu.kz. special.edu.kz. 109 special.edu.kz.