Page 107 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 107
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Нәтиже сабақ special.edu.kz.
1. Оқы. Сан есімдерді тауып сұрақ қой.
Сен білесің бе?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Адам баласының басында өмір бойы 725 шақырым шаш
өседі. Ересек адамның жүрегінің салмағы – 220-240 грамм.
Адам ағзасында 4 минерал бар, олар: апатит, арогонит,
кальцит, кристобалит. Адам күніне 23 000 рет тыныс алады.
Адамның көзі 10 000 000 түсті айыра алады. Өмір бойы адам
терісі 1000 рет ауысады.
2. Мәтінді оқып, есептік және реттік сан есімдерді теріп жаз.
Жетіген
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ертеде өмір сүрген бір
шалдың жеті ұлы болыпты.
Бір жылғы жұтта әлгі шал-
дың қолындағы бар малы
қырылады. Суық үйдің бе-
рекесі кетеді. Киіз үйдің
шаңырағына бақытсыздық
орнап, жеті ұлы бірінен соң
бірі өледі.
Өлгеннің артынан жоқтау айтып, ас беруге еш қаржысы
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жоқ шал кепкен ағаштан ойып аспап жасапты. Үлкен ұлы
өлгенде, оған ішек тағып, тиек орнатады. «Қарағым» деп
атап, жоқтау күйін тартады. Екінші ұлы өлгенде екінші ішек
тағып, «Қанат сынар» күйін орындайды. Әрбір ұлына арнап
«От сөнер», «Бақыт көшті», «Күн тұтылды», «Жеті баламнан
айырылдым» деген жаңа күйлер шығарыпты. Сөйтіп жеті-
генге жеті ішек тағылатын болыпты дейді аңыз.
special.edu.kz. special.edu.kz. 105 special.edu.kz.