Page 105 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 105

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



               7. Жұмбақты оқы, шешуін тап. Сан есімдерді тауып, астын сыз.                      special.edu.kz.


               Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

               Теңселіп, тербеледі адам соқса.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
               Не пайда үндемейді адам жоқта.



                    8. Өлеңді оқып, есіңе сақта. Сан есімді тап.


                    Ең бірінші бақытым – халқым менің,
                    Соған берем ойымның алтын кенін.

                    Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
                    Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                    Ал екінші бақытым – тілім менің,

                    Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
                    Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
                    Қасиетті тілімнен түңілмедім.



                    Бақытым бар үшінші – Отан деген,

                    Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
                    Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.



                    Үш бірдей бақытым бар алақанда,
                    Мені мұндай бақытты жаратар ма?
                    Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

                    Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

                                                              (М. Мақатаев)




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             103       special.edu.kz.
   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110