Page 103 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 103

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



             Есептік және реттік сан есімдерді қайталау                                          special.edu.kz.


                    1. Мәтінді түсініп оқы. Цифрмен берілген сан есімдерді сөз-
                 бен жаз. Дара және күрделі сан есімдерді анықта.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
            Бурабай табиғаты ерекше сұлулығымен, ауасының таза-
        лығымен тартымды. Оңтүстікке қарай Шортанды шоқылары

        көсіліп жатыр. Оның ең үлкен шоқысы  Жеке батыр (826 м)
        деп аталады. Тамаша қарағайлы ормандар, биік құз-жартас-
        тар, кейде Мысыр пирамидаларын еріксіз есіңе салатын тау
        сілемдері тыныш көлдермен бөлінген. «Бурабай» ұлттық та-
        биғи саябағында орман, дала, шабындық, батпақ пен сортаң
        жерлерде өсетін 800-ге тарта өсімдік түрі, омыртқалы жа-
        нуарлардың 305 түрі кездеседі.
            Шортанды – Бурабай аймағында әрқайсысының су айды-
        ны 1 шаршы шақырымға жуық 14 үлкен және ұсақ көл бар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                                                      («Мөлдір бұлақ» журналынан.)



               2. Сұрақтарға жауап жаз. Жазған сөйлемдеріңде қандай сан
        есімдерді қолданғаныңды айт.

            1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар? Бір жылда неше ай,
        неше тәулік бар? Бір тәулікте неше сағат, бір сағатта неше
        минут, бір минутта неше секунд бар?
            2. Бір километрде неше метр, бір метрде неше дециметр,
        бір дециметрде неше сантиметр, бір сантиметрде неше мил-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
        лиметр бар?



               3. Берілген мақалдарды ойланып толықтыр. Сан есімдердің
        астын сыз.

            ... жұрттың тілін біл,
            ... түрлі ілім біл.


            ... рет өлшеп,  ... рет  піш.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                             101       special.edu.kz.
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108