Page 128 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 128

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                             Болымсыз етістіктің жасалуы                                         special.edu.kz.



                    Етістік болымды және болымсыз болып екіге бөлі-
                неді. Болымсыз етістік болымды етістікке -ма, -ме, -ба,
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
                Мысалы: бар – барма, айт – айтпа, кел – келме.



                    1. Төмендегі етістіктерді  болымды, болымсыз түрлеріне ажыра-
             тып, болымсыз етістіктердің қандай жұрнақ арқылы жасалғанын айт.

                 Бар. Айт. Көр. Көрсет. Ойлан. Асықпа. Сөйле. Байла.
             Кел. Біл. Оқыт. Жаздырма. Апар. Бара бер. Байла. Ақылдас.
             Қайтпа. Жазып отыр. Көтерме. Жыламсырама. Күлімсіре.
             Барғыштама. Айтыспа. Жібер. Қалмасын. Суыт. Жүрме.
             Ілме. Тікпе.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

                     2.  Тыйым  сөздерді  көшіріп  жазып,  болымды  және  болымсыз
             етістіктерді тап.

                 1. Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаңа салып
             тұрма. 2. Біреумен сөйлескен кезде  бетіне қадалып қарап,
             тақалып тұрма. 3. Біреудің дүниесіне таңдана, қызығып,

             тесіліп қарама. 4. Біреудің дүниесін өзбетіңмен аударысты-
             рып ақтарма. 5. Сынған, жоғалған нәрселерді айтып өкі-
             не берме. 6. Көзіңді жан-жағыңа ойнақтатып, жан-жағыңа
             алақтама. 7. Есікті қатты серпіп жаппа, тарсылдатып қақпа.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             8. Жоқтан өзгеге түйіле берме. 9. Есікті тасаланып немесе
             табалдырықты басып тұрып сөйлеме.


                    3. Тыйым сөздерді көшіріп жаз. Етістіктерді сөз құрамына талда.
             Тағы қандай тыйым сөздерді білесің?

                 1. Баскиіміңді теріс киме. 2. Қызға қол көтерме. 3. Басың-
             ды шайқама. 4. Өтірік айтпа. 5. Үйге қарай жүгірме.





 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          126
   123   124   125   126   127   128   129   130   131   132   133