Page 137 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 137
special.edu.kz.
7. Ертегіні оқы. special.edu.kz. special.edu.kz.
Баяғыда бір хан болыпты. Бір күні ол нөкерлерін ертіп аң
аулауға шығыпты. Орман кезіп, қыр асып келе жатса, ал-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
дынан екі көзі ботадай мөлдіреген, сауыры жез құмандай
жылт-жылт еткен сұлу киік қаша жөнеліпті. Хан садақтан
оқ атып, киіктің артқы аяғын жаралайды. Бір жағы құлама
жар, екінші бүйірден хан нөкерлері бас салғанда, жаны қы-
сылған киік ашық тұрған ақбоз үйге кіріп кетеді. Үй иелері
дастарқанда түскі тамақ ішіп отырған. Есіктен енген киік
жаюлы дастарқаннан бір-ақ аттап, төрдегі керегеге тұм-
сығын тіреп, солығын баса алмай тұрып қалыпты.
– Шығар киікті! – деп дауыстайды хан үстінде тұрып, төрде
тамақ ішіп отырған қарияға. – Бұл тау тағысын түстік жер-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ден қуалап, сенің үйіңде қолға түсіріп тұрмын. Мұның менің
олжам екеніне ешкімнің дауы жоқ шығар?
Сонда қария:
– Сөзің орынды, хан ием. Киік сенің олжаң екені де рас.
Бұл сорлы жаны қысылған сәтте менің төріме шығып кетті.
Ортада дастарқан жаюлы жатқанын өзің көріп тұрсың. Ата
салтымыз бойынша, дастарқанды аттап өте алмайсың. Көз-
деріңе қан толып, бір-біріне өлердей жауыққан екі адамды
татуластырарда дастарқан басына алып келмеуші ме еді?
Тіпті хан болсаң да дәстүрден үлкен емессің. Ал дәстүрді,
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
қалыптасқан ата салтты бұзсаң, қалың елдің табасына қала-
сың, жолың болмайды, – депті.
Хан аталы сөзден жеңіліп, ат басын кері бұрыпты.
Етістікті тап.
1) Киік туралы не білесің? Оны тағы қалай атайды?
2) «Ақбөкен – сахараның ботагөзі» деп кім айтты?
3) Киіктің төлін қалай атайды?
special.edu.kz. special.edu.kz. 135 special.edu.kz.