Page 17 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 17

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                Дауыссыз дыбыстар және оның түрлері                                              special.edu.kz.



               Өкпеден шыққан ауаның сөйлеу мүшелерінің бірінің
           кедергісіне ұшырайтын дыбыстар.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
               Дауыссыз дыбыстар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к,
           қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ, (у).
               Дауыссыз дыбыстардың өзіндік белгілері: үн мен
           салдырдан тұрады, созуға келмейді, дербес тұрып буын
           құрай алмайды. Дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыс-
           тармен тіркесіп барып қана сөз құрайды.
               Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына

           қарай қатаң, ұяң, үнді болып бөлінеді.



                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                    Біздің Отанымыз                                              special.edu.kz.
                    1. Мәтінді оқып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырат.



            Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.
        Отан – сенің туған жерің, өзіңнің туған-туысқандарыңмен,
        дос-жарандарыңмен тұратын елің.
            Біздің Отанымыз – Қазақстан. Оның астанасы – Нұр-Сұл-

        тан қаласы.
            Қазақстан – ірі мемлекеттердің бірі. Бүгінгі Қазақстан –
        дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер таныған ел. Біздің
        еліміз – жері кең, табиғи байлығы мол мемлекет.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.

               2. Сөйлемдерді көшіріп жаз.


            Кеше Сайранның туған күні еді. Әкем гүл сатып әкелді.
        Әпкем торт пісірді. Мен оған доп сыйладым. Қарындасым
        кітап сыйлады. Кешкі дастарқанға отбасы толық жиналды.
        Туған күн көңілді өтті.

               Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                              15       special.edu.kz.
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22