Page 18 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 18

special.edu.kz.
 special.edu.kz.



                                Қатаң дауыссыз дыбыстар                                          special.edu.kz.



                    Салдардың қатысы арқылы жасалған дауыссыз ды-
                быстарды қатаң дауыссыз дыбыстар деп атаймыз.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    Қатаң дауыссыздар мыналар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ,
                х, ц, ч, һ.



                         1. Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдерді көшіріп жаз.


                                             Туған жер

                 Туған жеріміз Қазақстанда телегей теңіз де, ұшар басын
             қар басқан зеңгір тау да, көкпеңбек  орман-тоғай  да бар-
             шылық. Көз жеткізгісіз жазықтар мен қыраттар да аз  емес.
                 Әрбір адам үшін туған жерден ыстық, қадірлі, қымбат еш-
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             теңе жоқ.
                 Өйткені сен ең алғаш жарық дүниеге келген сәтіңнен

             бастап осы өлке саған алтын бесік – атамекен саналады.
             Сенің ғана емес, сенің әкең мен шешеңе, атаң мен әжеңе,
             одан арғы бабаларыңа да осы өңір құтты мекен болған. Се-
             нен кейінгі ұрпақтарға да құтты қоныс болып қала бермек.

                    Қатаң дауыссыз дыбыстардың астын сыз.


                    2. Жаңылтпашты тез оқып үйрен.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                 1. Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,
                     Қыс түсті, қысқы істі қыста істе.

                 2. Қырық бақа бірлесіп,
                     Қызыл шоқты жүр кешіп.
                     Қаршығаға қарғалар

                     Қиқулады мінгесіп.
                     Шаңнан қала салдырып,
                     Шибөріге билеттім.



 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          16
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23