Page 43 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 43
special.edu.kz.
special.edu.kz.
1. Мәтінді оқы. Денсаулықтың достарын атап бер. Постер special.edu.kz.
құрып қорға.
Денсаулықтың достары
Адамға ең қажеттісі – денсаулық. Денім сау болсын де-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
сең, денсаулықтың достарын біліп қой!
Денсаулықтың достары – таза ауа мен Күннің сәулесі.
Денің сау болу үшін таза ауада, Күн шуағының астында
көбірек жүру керек екенін ұмытпа.
Денсаулықтың тағы бір досы – тамақ. Адам күш-қуатты
тамақтан алады. Тамақты асықпай, дұрыстап шайнап жеу
керек. Дұрыс шайналмаған ас асқазанға зиян келтіреді.
Адам еңбегімен қадірлі. Денсаулықтың тағы бір досы –
еңбек. Жалқау, жатаған адамға ауру үйір болады.
Жылдың төрт мезгіліне лайықты киініп жүр. Аурудың көбі
суықтан да болатынын ұмытпа.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Денсаулықтың достарының бірі – тазалық. Ас ішердің ал-
дында міндетті түрде қол жууды ұмытпа. Бау-бақша өнім-
дерін жумай жеме. Өйткені жуылмаған жеміс-жидектер
жұқпалы іш ауруларын туғызуы мүмкін.
2. Мәтінді түсініп оқы. Дұрыс тамақтану тәртібі туралы айт.
Денсаулыққа пайдалы тағамдар
Сәбіз бен қырыққабаттың, қызылшаның құрамында көз
қызметін жақсартып, теріні қалыпқа келтіретін бета-каро-
тин бар. Ол кәрілікті тежеп, асқазан жұмысын жақсартады.
Балық құрамында ағзаға қажетті барлық элементтер бар.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оның құрамындағы антиоксиданттар қимыл-қозғалыс те-
пе-теңдігін жақсартып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.
Сүт құрамындағы ақауыз тырнақ, шаш, сүйектердің қа-
тайтып, мықты болуына әсер етеді. Сүтте бар элементтер ай-
ранда да бар. Сондай-ақ айран ағзадағы зат алмасу жү йесін
жылдамдатады. Айранды кешкі уақытта ішкен пайдалы.
Жаңылтпашты дұрыс оқы.
Сорпа іштік,
Сорпа ыстық,
Сондықтан қорқа іштік. 41
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.