Page 40 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-1
P. 40
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Бітеу буын special.edu.kz.
Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз ды-
быс қоршаған буынды бітеу буын дейміз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мысалы: бал, таң, көз, тарс, төрт, қант, бұлт, штамп,
грамм, мек-теп, бал-дай, жыл-дам, бал-дыр-ған, бір-
лес-тік т.б.
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндір.
Денсаулықты сақтаңдар
Адам өмірге қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Күн оған
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жылуын береді, таза ауамен тыныстайды, су шөлін басады,
денесін жуады, өсімдіктер мен жануарлар оларға азық бо-
лады.
Сонымен, адамның дені сау болуы үшін табиғаттың біз-
ге бергенін толық пайдалана білуіміз керек. Өз денесін шы-
нықтырмай, тек дәрі ішетін адамның дені сау болмайды.
Денешынықтырумен шұғылданып, футбол, волейбол ой-
найтын, бірақ тамақты аса көп жейтін адамның да дені сау
болмайды.
Дұрыс тамақтанып, ертеңгілік жаттығу жасайтын, бірақ
өз жайын желдетпейтін, саябақтар мен бақтарда таза ауа
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
жұтпай, өмір түзімін сақтамайтын адамның да дені сау бол-
майды.
Барлық адамдардың дендері сау болуы керек. Естеріңде
болсын, дені сау адам ауру адамға қарағанда өз Отаны үшін
көптеген жақсы істер істей алады.
Екі сөйлемді көшіріп жазып, буынға бөл.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
38